Ағымдағы жылы 6 млн. тоннаға жуық астық пен ұн экспортқа тиелді

Фотография - Ағымдағы жылы 6 млн. тоннаға жуық астық пен ұн экспортқа тиелді

2013 жылдың басынан бастап 6 млн. тоннаға жуық астық пен астық эквивалентіндегі ұн экспортқа тиелді

172 0

2013 жылдың басынан бастап 6 млн. тоннаға жуық астық пен астық эквивалентіндегі ұн экспортқа тиелді, деп хабарлады Primeminister.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

«Кедендік бақылау комитетінің мәліметінше, жылдың басынан бастап 1 қарашадағы жағдай бойынша экспортқа 5917,4 мың тонна астық пен астық эквивалентіндегі ұн экспортқа тиелді», - делінген ведомство мәліметінде.

Сонымен қатар, 2013 жылғы астығының экпорттық әлеуеті 9-9,5 млн. тоннаны құрайды.

АШМ-де атап өткендей, әлемнің 70 астам елі, олардың ішінде дәстүрлі импортшылар - Орта Азия елдері, Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран қазақстандық астық тұтынушылары болып табылады.

Соңғы жылдары жоғарыда аталған елдерге жыл сайын орта есеппен 5 млн. тоннадан астам астық пен астық эквивалентіндегі ұн экспортқа тиелді, бұл қазақстандық экспорттың барлық көлемінің 60% астамын құрайды.

Бұдан өзге, қазақстандық астық Солтүстік Африка, Таяу Шығыс және Еуропалық Одақ елдерінің нарықтарына экспортталады. АШМ мәліметіне сәйкес, сондықтан Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне экспорт географиясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Қазақстандық астық пен ұн дәстүрлі импорттайтын елдердің нарық сыйымдылығы шамамен 6,5-7 млн. тоннаны құрайды, бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетін толық жүзеге асыруды қамтамасыз етпейді. Перспективалық бағыттар Қытай және оның аумағы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдері нарықтарына шығу болып табылады», - деп атап өтілген ведомство мәліметінде.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!