Сенат Төрағасы Швейцария және АҚШ дипломаттарын қабылдады

Фотография - Сенат Төрағасы Швейцария және АҚШ дипломаттарын қабылдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Елшісі Мауро Рейнамен кездесті

145 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Елшісі Мауро Рейнамен кездесті.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметінен хабарланды.

Әңгіме барысында 12-14 қараша аралығында Швейцария Конфедерациясы Кантондар Кеңесінің (Парламент жоғарғы палатасы) Президенті Филиппо Ломбардидің Қазақстанға ресми сапары аясындағы екі елдің парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Одан басқа, Астанадағы EXPO-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне әзірлік, 2014 жылы Швейцарияның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне үміткерлігін ілгерілету секілді ынтымақтастықтың маңызды аспектілері атап өтілді.

Сол күні Қ.Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейді де қабылдады. Жүздесушілер Қазақстан-Америка қатынастарының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!