Ауыл шаруашылығы министрі еліміздегі ең үлкен жылыжай құрылысымен танысты

Фотография - Ауыл шаруашылығы министрі еліміздегі ең үлкен жылыжай құрылысымен танысты

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Ордабасы ауданында салынып жатқан жылыжайдың құрылысымен танысты. Еліміздегі ең үлкен жылыжай болатын нысанның жалпы аумағы 11 гектарды құрайды әрі ол алдағы көктемде іске қосылатын болады

184 0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Ордабасы ауданында салынып жатқан жылыжайдың құрылысымен танысты. Еліміздегі ең үлкен жылыжай болатын нысанның жалпы аумағы 11 гектарды құрайды әрі ол алдағы көктемде іске қосылатын болады. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұдан бөлек, сапар аясында министр Асылжан Мамытбеков облыс әкімдігінде ұйымдастырылған агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне салық салуды жетілдіру мәселелеріне арналған өңірлік семинар-кеңеске қатысты. Тоқтала кететін жайт, 2013 жылғы 11 қазанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланбай жатқан жерлерге қатысты тапсырмалар жүктеп, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне салынатын салық жүйесін жетілдіруді міндеттеген болатын. Осыған орай, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне салынатын салықтарды жетілдіру жүйесін түсіндіру мақсатында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков пен Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов Оңтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының өкілдерімен аумақтық семинар-кеңес өткізіп отыр. Семинар-кеңеске аталған облыстардың салық, жер және ауылшаруашылық басқарма басшыларынан басқа, аудан, қала әкімдерінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша орынбасарлары және ауылшаруашылық және жер қатынастары бөлім басшылары және нақты енгізу жоспарланып отырған салық жүйесіне қатысты ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өкілдері қатысты. Семинар-кеңестің негізгі мақсаты - оңтүстік өңірлерінің ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне салынатын салықтардың тәртібіне енгізіліп отырған өзгерістердің мақсаты мен тиімділігін жеткізу, түсіндіру және толғандырып отырған сауалдарды талқылау болды.

Тоқтала кететін жайт, агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне салық салуды жетілдірудің нәтижесінде жеке тұлғалардың табысы мен мүлігін жалпылама декларациялау жүйесін енгізуге байланысты салық салудың біркелкі жүйесі құрылады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалануға, оның ішінде жер салығы мөлшерлемесінің жоғарылату мүмкіндігі қарастырылады. Сондай-ақ, жер салығы және жер учаскелерін пайдалану төлемдері бойынша ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге 2015 жылдан бастап төлемдер мөлшерлемесін 5 есеге көбейту көзделген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!