Демалыс күндері Астана мен Алматыда ауа райы ашық болады

Фотография - Демалыс күндері Астана мен Алматыда ауа райы ашық болады

деп хабарлады Қазгидромет РМК.

282 0

Демалыс күндері Астана мен Алматыда жауын-шашын болмайды. Ал Қазақстанның басқа аймақтарында күн жаңбырлы болады, деп хабарлады Қазгидромет РМК.

Бүгін және ертең Астанада ауа райы құбылмалы болады, жауын жаумайды, күндіз ауа температурасы плюс 1-3 градус, түнде 3-5 градус нөлден төмен. Алматыда түнде жауған қарға қарамастан күндіз ауа температурасы 2-4 градусқа жетеді, түнде Астанадағы сияқты -3-5 градус аяз болады. Жексенбіде күн жылынады. Күндіз ауа температурасы 5-7 градус, дүйсенбі күні 7-9 градус жылы болады. Сондай-ақ, жаңбыр жауады.

Демалыс күндері Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, күндіз ауа температурасы 8-15 градус жылы болады. Солтүстік және орталық облыстарда екпінді жел тұрады. Түнде 2-10 градус аяз, күндіз -3+5 градус жылы болады. Шығыс Қазақстанда да осындай ауа температурасы сақталады. Жексенбі күні Оңтүстік Қазақстанда жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде ауа температурасы -3+5 болады, делінген ақпаратта.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!