Елімізде виртуалды музейлерді дамыту көзделіп отыр

Фотография - Елімізде виртуалды музейлерді дамыту көзделіп отыр

Елімізде виртуалды музейлерді дамыту көзделіп отыр, деп хабарлайды «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің баспасөз қызметі.

533 0

Елімізде виртуалды музейлерді дамыту көзделіп отыр, деп хабарлайды «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің баспасөз қызметі.

Виртуалды музейлердің болашағы зор, сондықтан оны ЮНЕСКО және МГЫҚ (Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры) Қазақстанмен қатар бірнеше елде дамытуды көздеп отыр. Сондай-ақ, аталмыш ұйымдар музей тәжірибесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану, музей вебсайттары мен мәліметтер базасын құру, сайт пайдаланушыларына сапалы қызмет көрсету және АКТ-нің заңнамалық аспектілерін жетілдіруді жоспарлап отыр.

Осы мәселелердің барлығы 2013 жылдың 14-18 қарашасында Ресейдің Санкт-Петербор қаласында ЮНЕСКО/ИКОМ ұйымдарының бастамасымен өтетін «Музейлерді дамыту мақсатында жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану» атты аймақтық тақырыптық тренингте талқыланады. Сондай-ақ, бұл күндері «ХХІ ғасырдағы музей менеджментінің тәжірибесі және музеологияның маңызды мәселелері» атты екінші сарапшылар кездесуі өтеді.

Аталмыш шараларға еліміздің ИКОМ (Халықаралық музейлер кеңесі) Ұлттық комиссиясының сарапшылары қатысады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ресейдегі шараларға басқа мемлекеттермен тәжірибе алмасып, еліміздің музейлерін әрі қарай дамыту мақсатында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің мамандары қатысады.

Сондай-ақ, жақында ЮНЕСКО/ИКОМ ұйымдарының бастамасымен Әзірбайжанның Баку және Шеки қалаларында музей сервисіне және әлеуметтік рөліне арналған аймақтық тақырыптық тренинг өткен болатын. Оған еліміздің атынан ИКОМ Қазақстан төрайымы Үмітхан Мұңалбаева қатысты.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

интернет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!