Қазақстанда тендерлерге ресейліктер де қатысатын болды

Фотография - Қазақстанда тендерлерге ресейліктер де қатысатын болды

2014 жылдың басынан бастап Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесіне ресейлік және белорустық кәсіпорындар кіре бастайды – бұл Кедендік одаққа мүше болу шарттарының бірі.

124 0

2014 жылдың басынан бастап Қазақстанның мемлекеттік сатып алу жүйесіне ресейлік және белорустық кәсіпорындар кіре бастайды – бұл Кедендік одаққа мүше болу шарттарының бірі.

«Бұл – екі елдің тиімді ынтымақтастығының жарқын мысалы», - деді Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сабыр Есімбеков Екатеринбургте өткен Шекаралық ынтымақтастық жөніндегі іскерлік кеңестің пленарлық отырысында.

Сонымен қатар, Ресей мен Қазақстан арасында бірқатар салаларда қарама-қайшылықтар бар. Мәселен, алкогольдік өнімдер, фар өнімдер нарығын реттеу мәселелерін екі ел екі түрлі шешеді.

Қазақстанның Ресейдегі елшісінің көмекшісі Виктор Темірбаевтың айтуынша, екі ел өнеркәсіптерін бірлестірудің арқасында «саудада ынтымақтастық» орната аламыз.

«Ірі және орта жобаларымызды бірлестіргенде ғана екі ел экономикасын ықпалдастыру процесін нығайта аламыз», - дейді Темірбаев.


Тегтер:

экономика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!