ҚР Шекара қызметінің авиациясына Ан-26 ұшақтары қосылды

Фотография - ҚР Шекара қызметінің авиациясына Ан-26 ұшақтары қосылды

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери-көліктік авиациясы екі Ан-26 ұшағымен толықты, деп хабарлайды Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

169 0

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери-көліктік авиациясы екі Ан-26 ұшағымен толықты, деп хабарлайды Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

«Әуе кемелері Киев қаласының авиажөндеу зауытында толық жөндеуден және қайта жабдықтаудан өтіп, Шекара қызметінің авиациялық базасына келді», - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Олардың ескірген агрегаттары ауыстырылды. Қазіргі уақыттағы халықаралық талаптарға сәйкес жаңа жүйелер орнатылды. Толық жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары аталған әуе кемесінің жұмыс істеу мерзімін 2020 жылға дейін ұзартып отыр.

Қазіргі таңда шекара қызметінің авиация құрамы әскери техника мен қару-жарақты оқып-үйренуде, ұшып-қону және жауынгерлік шеберліктерін шыңдауда

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

армия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!