Еліміздегі кітапханалар саны 10 мыңға жеткен

Фотография - Еліміздегі кітапханалар саны 10 мыңға жеткен

Қазақстан Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифигінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі кітапхана ісін дамытудағы табыстарына тоқталып өтті. 

249 0

Қазақстан Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифигінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі кітапхана ісін дамытудағы табыстарына тоқталып өтті. 

«Қазір Қазақстанда мектептердегі шағын кітапханаларды қосып есептегенде түрлі деңгейдегі 10 мыңға жуық кітапхана бар. Соның екеуі - ұлттық. Еліміздегі ең үлкен кітапхана Алматыда орналасқан. Оның қорында 6 миллионнан астам кітап бар.

Астананың бір кемшін тұсы кітапхана болатын. Осыдан 9 жыл бұрын Елбасы тапсырмасымен ашылған Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада 800 мыңға жуық кітап бар.

Қазір жастар кітапты аз оқиды деген пікір қалыптасқан. Өз басым онымен толық келіспеймін. Дұрысы, жастар кітаптың электронды нұсқасын оқиды. Мен де қашан кітаптың баспалық нұсқасы қолға түскенін күтпей-ақ, интернеттегі электронды нұсқасын оқуға көштім.

Міне, осындай креативті оқырмандар үшін министрлік «Қазақстанның электронды кітапханасын» ашты. Қазір онда 4280 кітап, 16 мыңнан астам құжаттардың электронды көшірмесі орналастырылған. Алдағы уақытта жыл сайын ондағы кітаптар саны толығып тұратын болады» , - деді министр Мұхтар Құл-Мұхаммед. 


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!