Қазақстан Белизбен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатты

Фотография - Қазақстан Белизбен ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатты

Қазақстан Республикасының Вашингтон қаласындағы Елшілігінде Елші Қайрат Омаров пен Америка Құрама Штаттарындағы Белиз Елшісі Нестор Мендез екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату жөнінде бірлескен коммюникеге қол қойды

194 0

Қазақстан Республикасының Вашингтон қаласындағы Елшілігінде Елші Қайрат Омаров пен Америка Құрама Штаттарындағы Белиз Елшісі Нестор Мендез екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасты орнату жөнінде бірлескен коммюникеге қол қойды.


«Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени өзара ынтымақтастықты одан ары күшейту туралы қызығушылықтарын растады. Шетел дипломаты Қазақстанмен энергетика мен экотуризм саласында ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді»,-делінген хабарламада.


Қазақстанның сыртқы саяси мекемесі Латын америка мемлекеттерімен халықаралық аренада қарым-қатынасты дамыту бойынша, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, жұмыс жүргізуде - деп хабарлады  newskaz.kz


Белиз - Орталық американың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Белиздің экономикасының негізгі салалары ауыл шаруашылығы, туризм мен қызмет көрсету болып табылады. Мемлекет қант құрағын, банан, цитрус тектестерін, киім, теңіз өнімдері мен ағашты экспорттайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!