ТҮҚЖБ деректерді жариялағаны үшін жұмыстан босатқан қызметкерін жұмысқа қайта алуды шешті

Фотография - ТҮҚЖБ деректерді жариялағаны үшін жұмыстан босатқан қызметкерін жұмысқа қайта алуды шешті

«Қазақтанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың жаңа басшылығы барлық материалдар мен жағдайды тексере келе, бұрын жұмыстан босатылған Әсем Мұстапаеваны жұмысқа қайта шақыру туралы шешім қабылдады

241 0

«Қазақтанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың жаңа басшылығы барлық материалдар мен жағдайды тексере келе, бұрын жұмыстан босатылған Әсем Мұстапаеваны жұмысқа қайта шақыру туралы шешім қабылдады, делінген банктің хабарламасында.

 

Бұған дейін Мұстапаева құпия ақпаратты таратқаны үшін жұмыстан босатылған болатын, делінген хабарламада.Сондай-ақ, банк Мұстапаеваны компьютерге кіру паролін бөтен адамдарға берді деп айыптаған еді. Бұл ішкі ережелерді бұзушылық болып табылады. Банктің жаңа басшылығы жоғарыда аталғандарды, оның жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін және де үш баласының бірінің ауыратындығын ескере келе, Ә.Мұстапаеваны жұмысқа қабылдауға дайын екендіктерін айтты», - делінген ақпаратта.

 

Еске сала кетсек, Әсем Мұстапаева ағымдағы жылдың қыркүйек айында «ТҮҚЖБ»-ге қарсы талап-арыз жазды. Ол өзін қызметіне қайтаруды және мәжбүрлі түрде жұмыстан қалғаны үшін ақы төлеуді талап етті. Ә.Мұстапаева 2013 жылдың 11 наурызында Алматы қаласының прокуратурасына шағымданып, банк қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғау туралы талап-арыз жазды. Оның айтуынша, банк өкілдері өз қызметтерін асыра пайдаланған. Дегенмен, Мұстапаева 2013 жылдың 16 тамызында жұмыстан босатылды - деп хабарлады  newskaz.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!