Қазақстанда Олимпиада чемпиондарына үй беру заңдастырылады

Фотография - Қазақстанда Олимпиада чемпиондарына үй беру заңдастырылады

Бұл туралы аталмыш заң жобасын Мәжілісте таныстырған ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті

209 0

Дене шынықтыру және спорт туралы жаңа заңда Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру туралы бап енгізіліп отыр. Бұл туралы аталмыш заң жобасын Мәжілісте таныстырған ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов мәлім етті.

Агенттік төрағасының айтуынша, бүгінгі күні Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері пәтер беріледі, бірақ спортшылар үйді жекешелендіре алмайды екен. Сондықтан жаңа заңда оларға үй беру туралы арнайы бап енгізіліп отыр.

«Қаражат республикалық бюджеттен қарастырылады. Олимпиада аяқталғаннан кейін біз өтінім береміз. Бірінші орын иегеріне 3 бөлмелі, екінші орынды жеңіп алған спортшыға 2 бөлмелі, ал үшінші орынды иеленген спортшыға 1 бөлмелі пәтер беру ұсынылып отыр», - деді жаңа заң жобасын таныстырған Е.Қожағапанов.

Агенттік төрағасы хабарлағандай, тәуелсіздік жылдары спортшыларымыз Олимпиада ойындарында барлығы 52 медаль жеңіп алған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!