Елімізде бұқара халық шағын үй салуға жер таппай отыр

Фотография - Елімізде бұқара халық шағын үй салуға жер таппай отыр

Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының өкілі Жамбыл Ахметбеков мәлім етті.

227 0

Ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді латифундистер алып қойған. Бұқара халыққа шағын үй шаруашылығын жүргізуге де жер жоқ. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының өкілі Жамбыл Ахметбеков мәлім етті.

«Мемлекетіміздің жартысына жуық тұрғындары ауылдық жерлерде тұрады. Ауыл шаруашылығына қаншама қаржы құйылып жатыр, бірақ осы салаға жауапты ауыл шаруашылығы министрлігі саланы сергіте алмады. Оны ашық айтуымыз керек. Үкімет аграрлық кешеннің орасан зор мүмкіндігін тиімді пайдалана алмай отыр. Ет пен сүтті сырттан алып отырмыз. Ауыл шаруашылығына жарамды ірі жерлерді латифундистер алып қойған. Оны да ашық айтуымыз керек. Бұқара халыққа шағын үй шаруашылығын жүргізуге де жер жоқ», - деп отыр коммунист Ж.Ахметбеков.

Депутаттың айтуынша, министрлік табиғатымызға бейім келетін өзіміздің малымызды өсірудің орнына шетелден тегі белгісіз торпақтарды қымбатқа сатып алып отыр.

«Елдегі мал шаруашылығы жолға қойылмаған. Үкімет тарапынан тиімді жоспарлау болатын болса, мал жайылымына қолайлысын дамытуға болар еді, шөл және шөлейт аймақтарда да сол табиғатқа тән малдарды өсіруге болады. Сол арқылы ет пен сүт өнімдерін, қымыз, шұбат өндіруге болады. Мал шаруашылығы игерілмей жатқан, Үкімет назарынан тыс қалған тұтастай бір сала деп айтуға болады», - деген пікірін жеткізді Ж.Ахметбеков.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!