Қазақстан Президенті Канаданың Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді

Фотография - Қазақстан Президенті Канаданың Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен

141 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канада Сыртқы істер министрі Джон Бэрдпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Мемлекет басшысы министрдің Қазақстанға сапарына ілтипатын білдіріп, оның екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан географиялық және климаттық өлшемдері жағынан, сондай-ақ экономикалық құрылымы жөнінен көп жағдайда Канадаға ұқсас. Тәуелсіздік жылдары біз екіжақты қарым-қатынастың белсенді дамуына мүдделі болдық. Мысалы, бізде ауыл шаруашылығы саласында өте қарқынды ынтымақтастық қалыптасып келеді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті Канаданың сыртқы саяси ведомствосы басшысының сапары екі елдің түрлі салалардағы ықпалдастығын нығайтуға ықпал ететініне сенімін білдірді.

Өз кезегінде Б.Бэрд қабылдау үшін алғыс айта келіп, өзінің Қазақстанда болуы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жақсартуға жаңа серпін беретінін айтты.

«Біз атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы шартқа қол қойылуын тағатсыз күтудеміз. Ауыл шаруашылығы саласында, оған жаңа технологияларды енгізу бағытында атқарылған жақсы жұмыстар бар. Біз сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға мүдделіміз. Сондай-ақ, біз саяси және дипломатиялық өзара ықпалдастыққа зор көңіл бөлеміз», - деді Д.Бэрд.

Канада Сыртқы істер министрі Астанаға қатысты таңданысын білдіре келіп, жаңа елорданың құрылысы болашақ ұрпақ үшін лайықты мұра болатындай жарқын жетістік екенін атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!