Атырау облысының экологтары Қашағанда газдың шығып кетуі салдарынан экологияға келген залал мөлшерін анықталуда

Фотография - Атырау облысының экологтары Қашағанда газдың шығып кетуі салдарынан экологияға келген залал мөлшерін анықталуда

Атырау облысы бойынша экология департаменті теңіздегі Қашағанда газдың шығып кетуі салдарынан экологияға келген залал мөлшерін анықталуда

409 0

Атырау облысы бойынша экология департаменті теңіздегі Қашағанда газдың шығып кетуі салдарынан экологияға келген залал мөлшерін анықталуда.


«Қазіргі таңда орын алған оқиға бойынша Атырау облыстық экология департаменті жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері бойынша қоршаған ортаға залал келтіру ықтималдығы анықталып, зиян келтірілген жағдайда төленетін айыппұл мөлшері белгіленеді»,-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, министр Н. Қаппаров, Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР мұнай және газ вице-министрі Болат Ақшолақов және ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев кен орнынан «Болашақ» зауытына дейін тартылған газ құбыры бойын тікұшақпен аралап шықты. Таяуда газдың құбырдан шығуына әкеліп соқтырған штаттан тыс жағдайлар орын алған. Соның салдарынан зауыттың жұмысы уақытша тоқтатылған болатын - деп хабарлады  newskaz.kz

Министр «Болашақ» зауытының технологиялық тұрғыдан жабдықталуы және аумақтың ағымдағы экологиялық жағдайымен танысты. Сонымен қатар Н. Қаппаров “Норт Каспиан Оперейтинг Компани” (NCOC) Консорциумы мен «Agip KCO» компаниясы өкілдерінің газ құбырының қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіп жатқан іс-шаралары жөніндегі баяндамаларын тыңдады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!