Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үшін тендерді уақытында өткізу қажет

Фотография - Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үшін тендерді уақытында өткізу қажет

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үшін тендерді уақытында өткізу қажет. Бұл пікірді бүгін VI Азаматтық форум аясында БАҚ өкілдеріне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская білдірді

255 0

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс үшін тендерді уақытында өткізу қажет. Бұл пікірді бүгін VI Азаматтық форум аясында БАҚ өкілдеріне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская білдірді.

«Тендерлер жыл ортасында немесе қарашада өткізіледі, осылайша бұл ақшаны игеру мүмкін емес. Процестің өзі де созылып кетеді», - деді халық қалаулысы.

Сонымен біргі С.Романовскаяның атап өтуінше, көптеген коммерциялық емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға қатысады. Бірақ олардағы проблемалардың бірі - жобамен жұмыс істеуге қажетті қаржының жоқтығы. Сол себепті мемлекет қаражаттың бір бөлігін жұмыстардың бастапқы кезеңінде бөлгені дұрыс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!