Үкімет сән-салтанатқа салық саламын деп, орта буынға ауыртпашылықты арттыруға шақ қалды - С. Жалмағамбетова

Фотография - Үкімет сән-салтанатқа салық саламын деп, орта буынға ауыртпашылықты арттыруға шақ қалды - С. Жалмағамбетова

Үкімет сән-салтанатқа салық саламын деп айтып, орта буынға ауыртпашылықты арттыруға шақ қалды

214 0

Үкімет сән-салтанатқа салық саламын деп айтып, орта буынға ауыртпашылықты арттыруға шақ қалды. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Светлана Жалмағамбетова осылай мәлім етті. Еске салсақ, жиын барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

Сөз арасында сенатор орта буынға күш түспеуі керектігін алға тартты. Өйткені, дәл осы орта буын ел дамуының тұрақтылығы мен орнықтылығын айқындайды. Орта буын көп болған сайын мемлекет те орнықты дами түседі.

«Үкімет осы жолы сән-салтанатқа салық саламын деп айтып, іс жүзінде орта буынға ауыртпашылық арта салмақ болды. Сөйтіп, енді ғана жайлы өмір сүре бастаған қазақстандықтар, ипотека арқылы баспанаға ие болып, 100-150 шаршыны құрайтын үй-жайларға қолы енді жете бастағанда салыққа қатысты тағы қысылтаяңды бастан кешетін еді. Мәселен, Астанада 155 шаршы метрді құрайтын жаңа пәтерге қазіргі норма бойынша мүлік салығы 17 мың теңге. Ал Үкімет ұсынған нұсқада 178 мың теңге көрсетілген. 10 есеге артық! Бұл - өте үлкен сома. Әлгіндей пәтерге ие қазақстандықтардың барлығы оны төлей де алмас еді», - деді сенатор.

Бұл ретте Мәжілістегі әріптестеріне алғысын білдірген сенатор, Үкімет ұсынған нұсқа Мәжілісте барынша өзгертіліп, орта буынға түсетін ауыртпалық біршама жеңілдегенін айтты. Бұны Елбасы да қуаттаған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Мәжілістегі нұсқа бойынша енді әлгі 155 шаршы метрлік пәтерге Үкімет көрсеткендей емес 178 мың теңге емес, 35 мың теңге шамасында салық төленеді. Сонымен қатар, ауылды елді мекендерге салық өзгеріп отырған жоқ», - деді С. Жалмағамбетова.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!