Елордада Халықаралық Медиа форум басталды

Фотография - Елордада Халықаралық Медиа форум басталды

Бүгін түс ауа Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық Медиа форумы бастау алды

129 0

Бүгін түс ауа Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының халықаралық Медиа форумы бастау алды. Мәдениет және ақпарат, Білім және ғылым, Сыртқы істер министрліктері мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен өтетін шара екі күнге жалғасатын болады.

Шараның тұсау кесер рәсімі университеттің бас ғимаратындағы «Астана» атриумында өтті. Онда форум қатысушылары мен қонақтарын ҚР Президент Әкімшілігінің ҚХА Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Леонид Прокопенко отандық және шетелдік БАҚ журналистерімен кездесу өткізді. Сонымен қатар, БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Халықаралық Толенранттық күніне орай ұйымдастырылып отырған шара бағдарламасымен таныстырып, жұртшылықты атаулы күнмен құттықтады - деп хабарлады Baq.kz

Ескере кетейік, бұл форумға БАҚ және коммуникация саласындағы белгілі халықаралық сарапшылар, ҚР Парламентінің депутаттары, отандық және шетелдік БАҚ журналистері, Елшіліктер мен дипломатиялық миссиялардың өкілдері, ҚХА мүшелері, этномәдение бірлестіктер, ҮЕҰ, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, мемлекеттік мекмелердің ресми тұлғалары қатысуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!