Қазір темекі компанияларының стратегиялары балалар мен жасөспірімдерге бағытталған - Т. Ізмұхамбетов

Фотография - Қазір темекі компанияларының стратегиялары балалар мен жасөспірімдерге бағытталған - Т. Ізмұхамбетов

Шылымқорларға салынатын айыппұл арқылы бюджетке қомақты қаржы түсіруге болады

281 0

Шылымқорларға салынатын айыппұл арқылы бюджетке қомақты қаржы түсіруге болады. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан «Ұлт денсаулығы - біздің жетістікті болашағымыздың негізі» деген тақырыппен өтіп жатқан салауатты өмір салты мамандарының IV съезінде айтылды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Қазір темекі компанияларының нақты стратегиялары бар. Ол балаларға, жасөспірімдерге бағытталған. Хеуест маркетинг деп аталады. Ал оны білетіндер аз. Біз қазір қуып жетуші рөлінде ғана болып отырмыз», - дейді «Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін» ұлттық коалициясының президенті Талапқали Ізмұхамбетов. Оның айтуынша, 1 апта бұрын шылымқорлыққа қарсы күрес саласындағы 90 елдің сарапшылары Ыстамбұлда бас қосқан. Түркия елінде шылымқорлармен арнайы полиция құрылымы айналысатын көрінеді. Оларға салынатын айыппұлдан бюджетке қомақты қаржы түседі екен. Ал Қазақстанда полиция заң бұзушылардан сот шешімінсіз айыппұл өндіре алмайды. Бұл өте ұзаққа созылатын үдеріс.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!