Қазақстанның индустрияландыру картасына маңғыстаулық 34 жоба енді

Фотография - Қазақстанның индустрияландыру картасына маңғыстаулық 34 жоба енді

Қазақстанның индустрияландыру картасына маңғыстаулық 34 жоба енді

223 0

Қазақстанның индустрияландыру картасына маңғыстаулық 34 жоба енді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған облыстың әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Елдің индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 280 млрд. теңгенің маңғыстаулық 34 жоба енді. Оның ішінде республикалық картада 2 жоба, ал өңірлікте 32 жоба енді. Бұл жобаларды жүзеге асыру кезінде 8800 маңғыстаулық жұмыс орындарын иеленеді. Оның ішінде 1800 адам бүгінде аяқталған 23 жобада қызмет етуде»,-деді әкім.

Оның сөзіне қарағанда, жыл соңына дейін тағы екі ірі жоба аяқталатын болады. Олардың ішінде «Каспий Битум» және «Каспий Цемент» зауыттары бар. Олардың сметалық құны 83,5 млрд. теңге. Сондай-ақ, бұл зауыттар 600 тұрақты жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Мұнымен қоса алдағы жылдары сметалық құны 65,1 млрд. теңгенің 9 жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл тұрғыда 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!