Қазақстандық теңге әлемдегі барынша қорғалған валюталардың бiрi болып табылады

Фотография - Қазақстандық теңге әлемдегі барынша қорғалған валюталардың бiрi болып табылады

Қазақстандық банкноттардың бірі желтоқсан айында халықаралық қоғамдастық тарапынан әлемдегі барынша жақсы қорғалған валюта ретінде марапатқа ие болмақ. Бұл туралы бүгін Алматыда ұлттық валюта - теңгенің 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияда айтылды

230 0

Қазақстандық банкноттардың бірі желтоқсан айында халықаралық қоғамдастық тарапынан әлемдегі барынша жақсы қорғалған валюта ретінде марапатқа ие болмақ. Бұл туралы бүгін Алматыда ұлттық валюта - теңгенің 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияда айтылды.

ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, теңгені енгізу ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығына сәйкес басталды. 15-қарашадан бастап теңге жаңа төлем құралы және елдегі есеп айырысу бірлігі ретінде айнала бастады. Теңгенің енгізілуі - тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы ең айқын парақтардың бірі және қазіргі кезде оның тарихи мәнділігін еліміздің қазіргісі мен болашағы үшін бағалай аламыз. Бүгінгі күні біз ұлттық валютаны енгізу мемлекеттілігімізді қалыптастыру, егемендiгімізді нығайту және экономикалық дамудың озық ұлттық үлгісін құру жолында қажеттi қадам болды деп сенімді түрде айта аламыз.

«Өз ұлттық валютамызсыз тәуелсіз экономикалық саясатты жүргізу ғана емес, сонымен қатар елдің өз даму жолын айқындауы, шынайы егемендікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ұлттық және экономикалық мүддені қорғау да мүмкін емес. Біздің ұлттық валютамыз енгізілгеннен бастап аз ғана кезеңде бірнеше рет күрделі сынақтарға ұшырады. Осыған қарамастан біздің экономикалық моделіміз әрдайым өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Тіпті өткір дағдарыстар кезінде біздің экономикамыздың орнықтылық қорлары мен сауатты макроэкономикалық саясат өсудің теріс қарқындарына жол бермеді», - деді Қ.Келімбетов. Бас банкирдің сөзіне қарағанда, қазақстандық теңге әлемдегі барынша қорғалған валюталардың бiрi болып табылады. Ұлттық банк банкноттардың дизайнын жетілдіру, жаңа технологияларды пайдалану, қорғаныш элементтерін күшейту, жетекші шет елдерімен тәжiрибе алмасу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргiзедi. Бұл бағыттағы жұмыс өз жемісін беруде. Қазақстандық банкноттардың халықаралық қауымдастық тарапынан бағаланып, жоғары марапаттарға ие болуы соның нақты айғағы бола алады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!