Студенттердің қуанышында шек жоқ

Фотография - Студенттердің қуанышында шек жоқ

Қазақ ұлттық аграрлық университетінде студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына талап тұрғысынан ерекше көңіл бөлініп келеді

174 0


Қазақ ұлттық аграрлық университетінде студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына талап тұрғысынан ерекше көңіл бөлініп келеді.

83 жылдық тарихы бар оқу орнының бұрынырақ салынған жай-күйі бүгінгі күннің талаптарына жауап бере алмайтыны анық. Осы жағын мықтап ескерген университет әкімшілігі осыдан аз уақыт бұрын 500 адамдық «Ветеринария» факультетінің ескі жатақханасын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын қолға алған еді. Осы жұмыс таяуда көптің көңілінен шығатындай етіп, сапалы аяқталды.

Салтанатты жиынды университет ректоры, ҚР ҰҒА академигі Тілектес Есполов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Тілектес Исабайұлы студенттер өмірінің кешегісі мен бүгінгісі жайлы салыстырмалы түрде мысалдар келтіре отырып, айтып өтті.

Бұдан кейін Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар Боқаев «Алматы қаласының ең таза Жастар үйі» деген Құрметті атағын табыс етті. Сол сияқты Алматы қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының орынбасары Станислав Конкуров, кезінде осы оқу орнының студенті болған, кейін 13 жыл басқарған еңбек ардагері, профессор Қалдыбек Сәбденов, университеттің Құрметті оқытушысы, доктор, профессор Гүлнар Сабырова, белгілі ақын Шөмішбай Сариев, тағы басқалар елдің есінде қаларлықтай ойларын ортаға салды. Лентаны қию құрметіне Қалдыбек Сәбденов пен Гүлнар Сабыровалар ие болды - деп хабарлады baq.kz

Шынында жатақхананың талапқа сай, сапалы күрделі жөндеуден өткізілуі көптің көңілінен шықты. Жан-жақтан келген қадірменді қонақтарға факультет деканы Гүлмира Жаңабекова, орынбасары Айтбай Әлімов, комендант Зәуреш Бүрінбаевалар жатақхана жағдайымен таныстырды. Қолөнер үйірмесінің жетекшілері Айнұр Нұрғалиева мен Бақыт Шаяхметтің ұйымдастырған көрмесі де қазақи ұлттық салт-дәстүрдің айқын айғағындай болды. Қорыта айтқанда, жатақханаға қоныстанып жатқан студенттердің қуанышында шек жоқ. Алдағы уақытта басқа жатақханаларды да осындай күрделі жөндеуден өткізу қолға алынбақ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!