Қазақстан Ресейдің «ескі көлік» салығына қарсылық білдірді

Фотография - Қазақстан Ресейдің «ескі көлік» салығына қарсылық білдірді

Қазақстан Ресейдің елде сатылған шетелдік ескі көліктерді утилизациялау үшін шетелдік көлік өндірушілерге салық салу туралы жаңа заңына қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр

210 0

Қазақстан Ресейдің елде сатылған шетелдік ескі көліктерді утилизациялау үшін шетелдік көлік өндірушілерге салық салу туралы жаңа заңына қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Айтжанова Астана Мәскеумен утилизация үшін Қазақстаннан импортталатын көліктерден салық алмау туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан. Айтжанованың сөзінше, «егер келіссөз нәтиже бермесе Қазақстан да ресейлік автомобильдерге қатысты жауап шараларын қабылдауға мәжбүр болады».

Бірақ Айтжанова Қазақстанда ондай салық енгізу күрделі мәселе екенін айтады.

«Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кірген соң импортталатын көліктерге утилизация салығын енгізді. Бұл ДСҰ талаптарына қайшы келеді. Қазір Еуропа Одағы және Жапонияның бастамасымен бұл мәселе ДСҰ-да қаралып жатыр. Егер біз Ресейдегідей утилизация салығын енгізетін болсақ, онда ДСҰ-ға кіру туралы жүргізіп жатқан келіссөздеріміз тоқтап қалады» деген ол.

Еуропа Одағы бұған дейін ДСҰ аясында Ресейдің утилизация үшін салық енгізуіне қарсылық білдіріп, шағым түсірген еді.

Елдің ДСҰ-ға кіру шарттарының бірі - импортталатын заттарға салынатын салықты азайту болатын. «Мәскеу импорт салығын азайтқаннан келген шығынды осы заң арқылы өндіріп алмақ» дейді Еуропа Одағы - деп хабарлады  azattyq.org

Ресей ДСҰ-ға 2012 жылы тамызда, 18 жыл келіссөзден кейін кірген. Қазақстан қазір ДСҰ-ға кіру жөнінде ұйыммен келіссөз жүргізіп жатыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!