Елбасы Қазандағы ұшақ апатына қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Елбасы Қазандағы ұшақ апатына қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановқа Қазанда болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

263 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мен Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановқа Қазанда болған әуе апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырау салдарынан адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды қайғыра отырып қабылдағанын атап өткен.

– Бұл қайғылы оқиға мені қатты күйзелтті, Ресей Федерациясы халқымен бірге ауыр қазаны шын ниетіммен бөлісемін, – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановқа әуе апатынан ұлы Ирек Миннихановтың қайтыс болуына байланысты бөлек көңіл айту жеделхатын жолдады - деп хабарлады bnews.kz

Жеделхаттарда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан және жеке өз атынан шын ниетпен көңіл айтып, қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтастығын білдірді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!