17 млн. адамға бір ғана оқу орны маман даярлайды

Фотография - 17 млн. адамға бір ғана оқу орны маман даярлайды

 Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен аталған ведомствоның аппарат қызметкерлері мен Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары екі жақты кездесуі барысында министр Владимир Божко осылай деп мәлімдеді

160 0

Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен аталған ведомствоның аппарат қызметкерлері мен Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары екі жақты кездесуі барысында министр Владимир Божко осылай деп мәлімдеді.

- Бүгінгі таңда біз өз мамандарымызды көрші Ресей немесе Белорусь елінде оқытуға мәжбүрміз. Себебі, елімізде өзіміздің министрлікке арнайы маман даярлайтын оқу орны біреу ғана. Яғни, 17 млн. адамға бір ғана оқу орны маман даярлап жатыр деген сөз. Бұл аз екені түсінікті. Сол себептен де өзімізде оқу орны ашылғанша жастарымызды шет елдерде оқытып жатырмыз. Ал мамандардың біліктілігін арттыру жайына келер болсақ, заманауи техникаларды тиімді пайдалану нәтижесінде ебін тауып ілгерілеп жатырмыз, - деді Төтенше жағдайлар министрі.

Оның айтуына қарағанда бүгінде интерактивті тақталарды пайдалану нәтижесінде бір мезетте мыңнан астам қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесі қолға алынған. Қызметкерлер де аймақтармен бір мезетте онлайн-режимде байланысқа қосылу арқылы тәжірибе алмасудың тиімділігін сезе бастапты - деп хабарлады  baq.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!