Ахметов Санкт-Петербургте ТМД елдерінің үкімет басшыларының кеңесіне қатысады

Фотография - Ахметов Санкт-Петербургте ТМД елдерінің үкімет басшыларының кеңесіне қатысады

 Қазақстанның премьер-министрі Серік Ахметов сәрсенбіде, 20-қарашада Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД елдері үкімет басшыларының Кеңесіне қатысады

141 0

 Қазақстанның премьер-министрі Серік Ахметов сәрсенбіде, 20-қарашада Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД елдері үкімет басшыларының Кеңесіне қатысады деп мәлімдеді орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

«20-қарашада Серік Ахметов Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД елдері үкімет басшыларының Кеңесіне қатысады»,-деді Әбибуллаев брифингте.


Оның мәліметінше, отырыста сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, энергетика және қаржы саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланып, бірқатар бірлескен құжаттарға қол қою жоспарланған - деп хабарлады   newskaz.kz


«ТМД елдері Үкімет басшылары Кеңесі алаңында Премьер-министр Серік Ахметов бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді, сондай-ақ Ресей Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен де келіссөздер жүргізеді деп күтілуде»,-деп түйіндеді сөзін Әбибуллаев.

22-қарашада Қазақстанның Премьер – министрі «Сарапшы-200-Қазақстан» форумының жұмысына қатысады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!