Тұңғыш Президент күнін атап өтеді

Фотография - Тұңғыш Президент күнін атап өтеді

ҚР Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында елордада бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылады

251 0

ҚР Тұңғыш Президентінің күні қарсаңында елордада бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырылады.

Биыл елордалық жоғары оқу орындарының студенттері де тыс қалған жоқ. Бүгін, 19 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын насихаттау мақсатында ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орайластырылған іскерлік ойын элементтерімен студенттермен ақпараттық кездесу өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына Жастар ұйымдары одағының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба идеясы ҚР мемлекеттік нышандарын дәріптеу және жастар арасында патриотизмді тәрбиелеу болып табылады. Сонымен қатар, жоба аясында қазақстандық жастардың мемлекеттік нышандарға деген қатынасы мен патриотизм сезімінің деңгейін зерттеу көзделген.

Іс-шара барысында Л. Гумилев атындағы ЕҰУ тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбаев «Мемлекеттік нышандар жаңа мемлекеттіліктің қалыптасуы мен тууының әлеуметтік-мәдени, тарихи және философиялық-этикалық ерекшеліктерінің көрсеткіші ретінде» тақырыбында баяндама жасайды.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, аталған мәселе қазақстандық студенттер үшін аса маңызды және әрқашан да өзекті болып табылады - деп хабарлады  baq.kz

Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік нышандарының тарихы туралы бейнефильм көрсетіліп, іскерлік ойын элементтерімен викторина өткізіледі. Кездесуге қатысқандардың бәріне ҚР мемлекеттік нышандары бейнеленген кәдесыйлар таратылады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!