"Прайм Плазадағы" тәртіпсіздік туралы іс сотқа жіберілді

Фотография - "Прайм Плазадағы" тәртіпсіздік туралы іс сотқа жіберілді

Бұл туралы бүгін Алматы қалалық прокуратурасы хабарлады.

159 0

Алматыдағы "Прайм Плаза" ойын-сауық кешенінде әнші Қайрат Нұртас қатысқан концертте болған тәртіпсіздіктер бойынша қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық прокуратурасы хабарлады.

31 тамызда әнші Қайрат Нұртас қатысқан концерттің соңы жаппай тәртіпсіздікке, жастардың полициямен қақтығысына ұласқан еді. Сол күні полиция бөлімшесіне 165 адам жеткізіліп, оның біразы алдын ала тергеуден кейін босатылған. Кейін Алматы қалалық ішкі істер департаменті "тәртіпсіздіктерді бастады, көлік тонады" деген күдікпен бірнеше адамды тұтқындағанын хабарлаған.

Оқиғаға байланысты қылмыстық кодекстің "бұзақылық" және "тонау" баптары бойынша іс қозғалған.

Концертті ұйымдастырушылардың үстінен "міндеттеріне жауапсыз қарады" деген бап бойынша іс қозғалған. "Прайм Плаза" кешенінің директорынан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!