Үкіметте жер түгендеу шарасының нәтижесі қаралды

Фотография - Үкіметте жер түгендеу шарасының нәтижесі қаралды

Бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысына берілген жерлерді және ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралды

311 0

Бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық мәжілісте Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, жеке тұрғын үй құрылысына берілген жерлерді және ауыл шаруашылығы айналымына енгізілген ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралды.

Түгендеу жұмысына жауапты ведомство тізгінін ұстаған Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев баяндама жасап, өткен жылы 7 004 шаруашылық субъектілерінде 3 100,6 мың га пайдаланылмаған жерлер анықталып, оның 400 мың гектары егістік жерлер екені нақтыланғанын мәлімдеді.

- Ағымдағы жылдың нәтижелері бойынша мынадай шаралар жүргізілді. Біріншіден, келіссөздер мен ескерту шаралараның қорытындысы бойынша 3 064 субъектілерде көлемі 762,5 мың га жерді пайдалануға кірісті. Екіншіден, 1 098 шаруашылық етуші субъектілерде бір жақты тәртіппен көлемі 317,4 мың га жерді жалдау шарттары бұзылып, олар мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Үшіншіден, 447 субъекті анықталмағандықтан пайдаланылмайтын 476,4 мың га жер иесіз мүлік ретінде арнайы есепке алынса, 2395 субъектіге жазбаша ескерту беріліп, 1544,6 мың га жерді пайдаланбағандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, пайдаланылмайтын учаскелердің иелеріне әкімшілік тәртіппен жалпы сомасы 4 170,8 мың теңге айыппұл салынды, - деді Болат Бидахметұлы өз баяндамасында - деп хабарлады  baq.kz

Министрдің айтуына қарағанда, өңірлік жоспар бойынша барлық жұмыс кешенін толық аяқтауға 53 әкімшілік аудан мен 6 қала және 80 ауылдық округ қамтылған. Жыл соңына дейін түгендеу шарасы қорытындыланып, заңмен белгіленген тәртіпте тиісті шаралар келесі жылы қабылданады деп күтілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!