Елдегі барлық барахолкалар бұзылатын болды

Фотография - Елдегі барлық барахолкалар бұзылатын болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елдің барлық өңірлеріндегі барахолкаларды жабуды талап етті.

190 0

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі елдің барлық өңірлеріндегі барахолкаларды жабуды талап етті. Астанада өткен жиында ведомство басшысы Владимир Божко: «Не талапқа сай емес базарлар жабылады, не қайғылы жағдайлар осылай жалғаса береді» - деді.

Сонымен қатар, Божко базарларды жаппай сүріп тастасақ, әлеуметтік дүмпудің көкесі сонда болады дейді. Оның айтуынша, елдегі барахолкалардағы сауда орындарында өрт және еңбек қауіпсіздігі мүлде сақталмайды. Мамандар мұндай базарларды ұдайы түрде тексеріп отырады. Бірқатар саудагерлерге айыппұл да жазып берген, алайда, олар сауда жасауды тоқтатпаған. Сондықтан азаматтардың қауіпсіздігін сақтауға құзырлы мекеме барлық өңірлердегі барахолкаларды күштеп бұзуға мәжбүр болып отыр.

«Талапқа сай сауда ортаықтарын салу, ашық базарларды бұзу керек. Онда санитарлық талаптар мен өрт қауіпсіздігі нормалары сақталмайды. Қолдан келгеннің барлығын жасап, азаматтардың қолайлы орындарда отырып сауда жасауына жағдай жасауымыз керек», - дейді В.Божко.


Тегтер:

Су басты

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!