Пайдаланылмаған жер телімдері үшін салық мөлшері артады

Фотография - Пайдаланылмаған жер телімдері үшін салық мөлшері артады

Пайдаланылмай жатқан жер телімдері үшін салық мөлшері 10 есеге дейін артады.

121 0

Пайдаланылмай жатқан жер телімдері үшін салық мөлшері 10 есеге дейін артады.

Осылайша жерді кезінде белгілі бір мақсатқа алып, уақтылы пайдасына жаратпаған пысықайлардың мәселесі шешілмек. Бүгін ҚР Үкіметі отырысында сөз алған ҚР Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев осындай мәлімдеме жасады. Кейбір аймақтарда жер бөлудегі заңдылық осы күнге дейін сақталмай келген. Инфроқұрылымы жүргізілмеген учаскелерді пайдалануға бермеу жөніндегі заң 2007 жылы еңгізілгенімен, қара жерді оңды-солды таратқан әкімдіктер жетіп артылады. Биылғы түгендеу қортындысы бойынша елімізде 2,5 млн. гектар жер пайдаға жаратылмағаны белгілі болды. Оның 313 мың гектарын егістік алқаптары құрайды.

Болат Жәмішев, ҚР Өңірлік даму министрі:

- Әкімдерге пайдаланылмаған жерлерді ауылшаруашылығы айналымына тарту бойынша жұмысты күшейту керек. Қазіргі таңда бұл мақсатта кешенді іс шаралар жоспары әзірленуде. Сондықтан қысқа мерзімде жергілікті атқарушы органдар тиісті ұсыныстар еңгізу қажет.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!