ҰБТ-да қазақ тілінен алынған балдар қорытынды бал ретінде есептелмек

Фотография - ҰБТ-да қазақ тілінен алынған балдар қорытынды бал ретінде есептелмек

2015 жылы орыс мектебін бітірген түлектерге қазақша білу міндеттеледі.

282 0

2015 жылы орыс мектебін бітірген түлектерге қазақша білу міндеттеледі.

Сондай-ақ, ұлттық бірыңғай тестілеуде қазақ тілінен тапсырылған тест жауаптарының бағасы қорытынды балға есептеледі. Мәжіліс депутаты Розақұл Халмұрадовтың мемлекеттік тілдің мәртебесіне байланысты көтерген мәселесі аяқ асты қалмады. Үкімет тиісті шара қабылдауға уәде берді. Мәжілісмен «елімізде орыс тілінде сабақ беретін 1700-ден астам мектеп бар. Оны бітірген түлектердің тек 10% қазақ тілін біледі. Ал елдің Білім және ғылым министрлігінің бұл жағдайды түзетуге құлқы жоқ. Соның салдарынан мемлекеттік тілді меңгеруге оқушылар да асықпайды»,- деп дабыл қаққан еді. Тіпті ҚР Премьер-Министрінен ұлттық бірыңғай тестілеуде орыс мектебін бітірген балалардың қазақ тілінен тапсырған тест жауаптары қорытынды балға есептелуін сұрап, сауал да жолдаған. Сауал жерде қалмады. Депутат ендігі мәселе жауаптың жүзеге асыруы екенін айтты.

Розақұл Халмұрадов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 2015 жылдан бастап қазақ тілі барлық мектептерде міндетті пәннің есебінде тестке енгізіледі. Одан алған бағалар балға қосылады деген бізге жауап келген. Біз сол жауапқа қанағаттанып, соған үміт артып отырмыз.


Тегтер:

университет

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!