Бүгін Еліміздің шығыс бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады

Фотография - Бүгін Еліміздің шығыс бөлігінде  боран соғып, көктайғақ болады

Бүгін еліміздің шығыс аймақтарында күн райы құбылмалы болады.Тұман түсіп, боран соғады және көктайғақ болады. Ал батыс өңірлерде антициклонның әсерінен күн ашық болады

176 0

Бүгін еліміздің шығыс аймақтарында күн райы құбылмалы болады.Тұман түсіп, боран соғады және көктайғақ болады. Ал батыс өңірлерде антициклонның әсерінен күн ашық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде боран соғады, көктайғақ болып, желдің екпіні 17-22, кейде 25 мс жетеді. Қарағанды облысында да жел күшейеді, боран соғады, түнде және таңертең жекелеген аудандарда тұман түседі.

Жамбыл, түнде Қостанай облысында тұман түседі, көктайғақ болады, 15-20 мс жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облысында тұман түседі, кейбір аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 мс құрайды.

Ақмола, Павлодар облыстарында желдің екпіні 15-22 мс құрайды, боран соғады деп болжанған. Алматы, Солтүстік Қазақстан, күндіз Атырау облысында 15-20 мс жел соғады, Қызылорда облысының жекелеген аудандарында тұман түседі.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!