Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Республика судьяларының съезіне қатысады

Фотография - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Республика судьяларының съезіне қатысады

 Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезі өтеді

245 0

 Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы судьяларының VI съезі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ .

Съезде республика судьяларының соңғы 4 жылдағы жұмыс қорытындысын шығарады және сот жүйесін одан әрі жаңғыртудың стратегиялық маңызды мәселелерін қарастырады.

Съездің күн тәртібінде Мемлекет басшысының V съезде (2009 ж.) белгілеген міндеттерін іске асыру барысын талқылау, сот ісін жүргізудің өзекті мәселелерін қарау, Қазақстанның әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуі кезіндегі сот жүйесінің ролін айқындау мәселелері қойылып отыр.

Съезге қатысушылар сот төрелігінің тәуелсіздігі, сот құрылысын жетілдіру, құқық қорғау механизмдерін жетілдіруде соттардың рөлі, соттардың ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ судья кадрлардың кәсіби және адамгершілік деңгейін арттыру мәселелерін талқылайды. Съезде сот жүйесінің имиджін арттыру туралы, судьялар қоғамдастығы органдарын дамытудың перспективалары, судьялардың әлеуметтік кепілдіктері және басқа да мәселелерді көтереді.

Маңызды қоғамдық-саяси іс-шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Республиканың барлық өңірлерінен съезге 600-ден астам судья, орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен шетелдік делегациялар шақырылған.

Съезд қорытындысы бойынша Съезд қаулысы қабылданып, соттардың алдағы уақыттағы жұмыс міндеттерін белгілейді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!