Сот тақырыбын жазып-көрсететін кәсіби журналистер қалыптастыру аса маңызды

Фотография - Сот тақырыбын жазып-көрсететін кәсіби журналистер қалыптастыру аса маңызды

Сот тақырыбын жазып-көрсететін кәсіби журналистер қалыптастыру аса маңызды.

324 0

Сот тақырыбын жазып-көрсететін кәсіби журналистер қалыптастыру аса маңызды.

Бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан судьяларының VI съезі барысында сөз сөйлеген ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми осылай мәлім етті.

Төрағаның айтуынша, қоғамның құқықтық санасын қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөл атқарады. «Сондықтан да, біз БАҚ-пен өзара байланысты жетілдіруге мән беретін боламыз. Бүгінгі күні сот залынан жүргізілетін репортаждарды құқықтық тақырыпта тәжірибесі жоқ журналистер  жасайды. Тіпті нағыз тапсырыспен жасалатын репортаждар да жиі ұйымдастырылып тұрады, ал оларда сот үдерісі мен шешімдері біржақты әрі алдын ала келісіп-пішілген бағытта тарқатылады. Сондықтан да, кәсіби сот репортерлерін қалыптастыру біз үшін аса өзекті», - дейді Қ. Мәми.

Бұл ретте төраға судьялар қауымдастығы мен БАҚ бұл бағыттағы жұмысты қайта жандандыру керектігін атап өтті.


Тегтер:

журналистика

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!