Қазақстанның сот жүйесі дамыған 30 елдің қатарынан көрінуі шарт

Фотография - Қазақстанның сот жүйесі дамыған 30 елдің қатарынан көрінуі шарт

Қазақстанның сот жүйесі дамыған 30 елдің сот жүйесінің қатарынан көрінуі шарт. Бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан судьяларының VI съезі барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті

177 0

Қазақстанның сот жүйесі дамыған 30 елдің сот жүйесінің қатарынан көрінуі шарт. Бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан судьяларының VI съезі барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бүгінгі кездесу жай ғана басқосу емес. Бұдан бір жыл бұрын Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы жарияланды. Осы стратегия арқылы біз басты бағдарымызды біліп отыратын боламыз. Ал стратегияның негізгі түйіні Қазақстан сол тұста дамыған 30 мемлекеттің қатарынан көрінетін болады. Басты мақсат осы. Біз меже қылған биік белестер барлық саладағы игіліктерді көздейді. Сондықтан да сот жүйесі де сол отыз елдің арасындағы сот жүйесімен бірдей болуы керек», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сот жүйесінің жұмысы нақты болуы үшін оның алдындағы, соған дейінгі құқық қорғау органдарының қызметіне де тікелей байланысты екенін еске салды. «Дегенмен, құқық қорғау органдарының ең жоғарғы сатысында тұрған Жоғарғы сот болып табылады», - деді Н. Назарбаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!