Мемлекеттік қызмет көрсетуге халықтың 50%-ның көңілі толмайды

Фотография - Мемлекеттік қызмет көрсетуге халықтың 50%-ның көңілі толмайды

 Бұл жөнінде «Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы» заңның жүзеге асырылуы жайында өткен халықаралық конференция аясындағы брифинг барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Дина Шаженова мәлімдеді.

239 0

Мемлекеттік қызмет көрсетулерге халықтың шамамен 50%-ның, яғни тең жартысының көңілі толмайды. Бұл жөнінде «Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы» заңның жүзеге асырылуы жайында өткен халықаралық конференция аясындағы брифинг барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Дина Шаженова мәлімдеді.

«Мемлекеттік қызмет көрсетулер туралы» заң ағымдағы жылдың 15 сәуірінде қабылданған болатын. Осы уақыт аралығында аз жұмыс жасалған жоқ. Соның бірі ретінде 647 атауға дейін кеңейтілген мемлекеттік қызмет көрсетулердің тізілімі және аталған қызметтер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетулердің 635 стандарты дайындалғанын атап өтуге болады. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік органдар мен Үкіметтің мақұлдауы үшін қаралуда. Содан кейін ол Үкімет қаулысымен бекітіліп, мемлекеттік органдар оған сәйкес регламенттер әзірлейді. Аталған заңды жүзеге асыруға біз үшін үкіметтік емес сектордың қатысуы өте маңызды. Олар ең алдымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына қоғамдық талқылау, қоғамдық мониторинг жүргізеді және өз ұсыныстарын жолдайды. Бүгінгі күні бұл процесс бізде жеткілікті деңгейде дамымаған. Бірақ, біз биыл қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша ілкі жобаны іске қостық. Әрқайсысының құны 10 мың долларды құрайтын 7 жоба іріктеліп алынды. Бұл мемлекеттік қызмет көрсетулерге жеке-жеке қоғамдық мониторинг жүргізетін түрлі саладағы үкіметтік емес ұйымдар», - деді Д.Шәженова.

Министрлік өкілінің айтуынша, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру үшін «әдемі» стандарттар жазу жеткіліксіз.

«Халықтың мемлекеттік қызмет көрсетулерге тағар міні жоқ дей алмаймыз әрине. Әр салада әртүрлі. Мемлекеттік қызмет көрсетулерге азаматтардың шамамен 50%-ның көңілі толады. Бұл көрсеткішті жоғарылату үшін біз үлкен жұмыс атқаратын боламыз. Осыдан 5 жыл бұрын Халыққа қызмет көрсету орталықтары қандай еді, қазір қандай? Айырмашылығы жер мен көктей. Ал халықтың әлі де айтар міні бар, көңілі толмайды және ол көңілтолмаушылық жалғаса береді. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар үшін жұмыс сапасын одан сайын жақсартуға түрткі болады. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру тек стандарттарды әзірлеумен ғана шектелмейді. Сөзсіз, қолайлы жағдай жасау үшін бюджеттен қаражат бөлінуі керек», - деді жауапты хатшы.


BNews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!