Қолданыстағы төрт кодекс те ескiрген

Фотография - Қолданыстағы төрт кодекс те ескiрген

Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Iшкi iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары Марат Демеуов мәлiмдедi.

213 0

Бүгiнгi күнi елiмiздегi төрт кодекс те ескiрген. Бұл жөнiнде бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Iшкi iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары Марат Демеуов мәлiмдедi.

«Қылмыстық, Қылмыстық-iс жүргiзу, Әкiмшiлiк және Қылмыстық атқару кодекстерi бойынша бiз кеңес заманнан берi жұмыс iстеп келемiз. Олар ескiрдi де. Мемлекет басшысы осы 4 Кодекстi халықаралық стандартқа сәйкестендiру бойынша тапсырма берген болатын. Берiлген тапсырмаға сәйкес прокуратура, iшкi iстер министрлiгi, сот, әдiлет органдары қызметкерлерiнен жұмыс топтары құрылды. Жұмыс топтары тәжiрибе алу мақсатында Еуропа елдерiне барып қайтты. Нәтижесiнде, қазiргi уақытта 4 Кодекс те дайын және алдағы уақытта олар Парламентке жолданады», - дедi М.Демеуов.

Iшкi iстер министрiнiң бiрiншi орынбасары жаңа Қылмыстық кодексте заң бұзушылыққа деген жауапкершiлiк күшейтiлетiніне тоқтала кетті.

«Егер, Қылмыстық кодекстiң жаңа үлгiсi жайында айтар болсақ, оған «қылмыстық қателiк» деген жаңа ұғым енгiзiлдi. Мұнда 162 бапқа айыппұл санкциясы, 49 бапқа бас бостандығынан айыру енгiзiлген. 58 бап «қылмыстық қателiк» ретiнде Әкiмшiлiк кодекстен ауыстырылды. Сонымен қатар, «Компьютерлiк қылмысқа және киберқылмысқа қарсы күрес» атты жаңа бөлiм енгiзiлдi», - дедi ол.

BNews.kz сайтынан


Тегтер:

парламент

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!