Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барады

Фотография - Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барады

Жұмыс сапарының бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа «Тараз-Арена» спорт сарайын, сонымен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды

208 0

Елбасы жұмыс сапарымен 21-22 қараша күндері Жамбыл облысына барады.

Жұмыс сапарының бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа «Тараз-Арена» спорт сарайын, сонымен бірге бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды.

Сонымен бірге ежелгі Тараз қаласының археологиялық қазба жұмыстарының барысымен танысу және Төле би ескерткішіне гүл шоқтарын қою көзделіп отыр.

«Қазфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштар зауытында Мемлекет басшысы күкірт қышқылын өндіру инвестициялық жобасының жүзеге асырылу барысымен танысып, зауыт жұмысшыларымен және қоғам өкілдерімен кездеседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!