Ә.Жақсыбеков ТМД елдері Қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысты

Фотография - Ә.Жақсыбеков ТМД елдері Қорғаныс министрлерінің кеңесіне қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ресей Мәскеуде өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің 65-ші отырысына қатысты

264 0

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Ресей Мәскеуде өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің 65-ші отырысына қатысты.

Достастық елдері қорғаныс ведомстволарының басшылары ТМД-ға қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Бірлескен жұмыстар барысында министрлер ТМД Қорғаныс министрлері кеңесінің 2013 жылғы қызметінің қорытындысын шығарып, келесі жылға жоспарланған ынтымақтастық шараларының негізгі бағыттарын айқындады. Отырыста ТМД-ға мүше елдердің әуе шабуылына қарсы біріккен қорғаныс жүйесінің 2014 жылға арналған бірлескен іс-шаралары талқыланып, Достастық мемлекеттері әскерлерінің мүддесі үшін жедел геокеңістік ақпаратын алмасудағы ынтымақтастықты қарастырды. Сонымен қатар, әскери-техникалық және әскери білім саласындағы көптарапты ынтымақтастық бағыты талқыланды.

Мәскеудегі отырыс шеңберінде Әділбек Жақсыбеков Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Украинаның Қорғаныс министрлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Келіссөздер кезінде қорғаныс ведомстоларының басшылары әскери және әскери-техникалық өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен оны дамытудың келешегін талқылады - деп хабарлады  baq.kz

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан және Украина әскери ведомстволарымен ынтымақтастығының нормативтік негіздерін қамтамасыз ету үшін 2014 жылға екіжақты ынтымақтастық жоспарларына қол қойылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!