Қызылорда облысының әкімі Венгрияның бас консулын қабылдады

Фотография - Қызылорда облысының әкімі Венгрияның бас консулын қабылдады

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Венгрияның Қазақстандағы бас консулын қабылдады

128 0

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Венгрияның Қазақстандағы бас консулын қабылдады.

«2013 жылғы 21 қарашада Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Венгрияның бас консулы Ференц Блауманды қабылдады. Кездесуде аймақтағы ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жабдықтарын жалға беру, мамандарды оқыту, жүгері өсіру, кептіру, сақтау және өңдеу туралы әңгіме қозғалды», - делінген хабарламада.

Консул мырзаның сөзіне қарағанда, әулие Иштван атындағы ауыл шаруашылығы университеті жақын келешекте орыс тілінде білім алатын студенттерді қабылдауға дайын отыр. Бұдан басқа, инфрақұрылымды дамыту және болат өндіру салаларында, басқа да бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған ынтымақтастық мәселелері жайлы озық ойлар ортаға салынды - деп хабарлады  ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!