Е.Ыдырысов Лондонда Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Фотография - Е.Ыдырысов Лондонда Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіне ресми сапары болып өтті

192 0

Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіне ресми сапары болып өтті.

ҚР СІМ басшысының сапары Ұлыбритания Парламентінің қауымдар Палатасының сыртқы істер бойынша Комитетінің Төрағасы Ричард Оттоуэймен кездесуінен басталды. Кездесу барысында Е.Ыдырысов Қазақстан Ұлыбританияны Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптес ретінде қарастыратындығын атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық дипломат парламентаралық ынтымақтастық мемлекеттер арасындағы саяси қатынастардың маңызды бөлігі екендігін, ал парламентарийлердің тұрақты байланыстары парламентаризм, заң шығарушылық, заң ұлықтылығы мен құқықтық азаматтық қоғамды нығайту мәселелері бойынша сындарлы сұхбатты дамытуға мүмкіндік беретіндігіне тоқталды.

Р.Оттоуэй өз сөзінде Қазақстан өзін "маңызды дамушы мемлекет" ретінде көрсетіп отыр, оның жетістіктері бүкіл әлемге белгілі деп атап өтті.

Оның пікірі бойынша, өз уақытында жасалған реформаның арқасында Қазақстан айтарлықтай шетелдік инвестицияларды тартуға және экономиканың қарқынды дамуына зор серпін жасауына қол жеткізе алды. Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Уильям Хейгпен және Ұлыбританияның Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, баронесса Саида Варсимен кездесу барысында екі жақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша кең көлемді мәселелер талқыланды. Тараптар Ұлыбританияның Премьер-министрі Дэвид Камеронның Қазақстанға жақында жасаған сапары стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік жасағандығын, қазақстандық-британдық қатынастардың арта түскендігін атап өтті.

Инвестициялық әріптестік келіссөздердің маңызды тақырыптарының бірі болды. Тараптар аталған сала бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша келісім жасады. Е.Ыдырысов Ұлыбритания Қазақстандағы инвесторлар көлемі бойынша үшінші екендігін атап өтті. ҚР Ұлттық банкінің мәліметтері бойынша, 1993-2012 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына британдық тікелей инвестициялардың жалпы көлемі 11,7 млрд. АҚШ долларын құрады. 2013 жылдың қаңтар-маусым аралығындағы тауар айналымының көлемі 1, 19 млн. АҚШ долларын құрады. Е.Ыдырысов британдық инвестициялардың әртараптандырылуына және олардың ағымының экономиканың шикізаттық емес секторында ұлғаюына Қазақстанның қызығушылық танытандығына назар аударды.

Британдық ресми өкілдермен жүргізілген келіссөздердің бөлек тақырыбы визалық ережелер жөнінде болды. ҚР СІМ басшысы қазақстандықтар британдық визаны жеңіл жолмен алуға қызығушылық танытатындығын атап, сондай-ақ британдық тарапты виза алу рәсімдерін Қазақстанда жүргізуге шақырды. Қазір бұл тек Стамбұлдағы аймақтық виза беру орталығында ғана берілетіні белгілі. Осы орайда, тараптар виза ережелерін жеңілдету бойынша жеке консулдық кеңестерін үстіміздегі жылдың соңына дейін жүргізу жөнінде келісімге келді.

Жоғарыда айтылған мәселелерден басқа, аймақтық қауіпсіздік және әскери-техникалық салалардағы ынтымақтастықты, Ауғанстанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Халықаралық күштер операцияларына жұмылдырылған әскери қызметкерлер құрамы мен мемлекеттің мүлігін тасымалдаудағы өзара әрекет жасау туралы сұрақтары талқыланды.

Сапар шеңберінде Е.Ыдырысов Корольдік халықаралық қатынастар «Chatham House» институтында британдық сарапшылар қауымдастығы атынан өте жоғары бағаланған «Қазақстанның сыртқы саясатының басымдылықтары» атты тақырыпта баяндама жасады - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Сонымен қатар, ҚР сыртқысаяси ведомствосының басшысы Лонданға келу барысында Қазақстан Елшілігінің жаңа ғимаратын ашып, BBC телеарна және радио қызметі бірлестігіне сұхбат берді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!