Премьер-министр Kcell-дiң байланыс сапасын сынға алды

Фотография - Премьер-министр Kcell-дiң байланыс сапасын сынға алды

Астанада өтiп жатқан «Сарапшы-200-Қазақстан» iрi бизнестiң V экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов Қазақстандағы ұялы байланыс операторы «Kcell» АҚ-ның бас қаржылық директоры Бауыржан Аязбаевқа компанияның байланыс сапасын арттыру қажеттiлiгi туралы басып айтты

203 0

Астанада өтiп жатқан «Сарапшы-200-Қазақстан» iрi бизнестiң V экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-министрi Серiк Ахметов Қазақстандағы ұялы байланыс операторы «Kcell» АҚ-ның бас қаржылық директоры Бауыржан Аязбаевқа компанияның байланыс сапасын арттыру қажеттiлiгi туралы басып айтты.

«Өз баяндамаңызды байланыс сапасын арттырамыз деген сөзбен аяқтасаңыз дұрыс болар едi. Бiз қашан Kcell-дiң байланыс сапасына сенiмдi бола аламыз? Қашан 4G, 5G енгiзiледi?»

Б.Аязбаев айтылған сынмен келiсiп, осы мақсатта ауқымды жұмыстар қолға алынып жатқанын және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесiне дейiн сапаны жақсарту бойынша мiндеттемелер алға қойылғанын айтты - деп хабарлады  baq.kz

«Сонда 2017 жылды күтуiмiз керек пе? Жұмыс жасаңыздар. Олай болмаған жағдайда, сiздердiң орындарыңызды басқа оператор басуы мүмкiн. Стратегиялық жоспары бар сiздердiң компанияларыңыз үшін бұл үлкен соққы болары анық», - деп сөзiн аяқтады Үкiмет басшысы.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!