Елбасы ежелгі «Тараз» қалашығы археологиялық қазба жұмыстарының барысымен танысты

Фотография - Елбасы ежелгі «Тараз» қалашығы археологиялық қазба жұмыстарының барысымен танысты

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Тараз қаласындағы бірқатар тарихи-мәдени нысанда болды

439 0

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Тараз қаласындағы бірқатар тарихи-мәдени нысанда болды.

Нұрсұлтан Назарбаев республикалық маңызы бар археологиялық ескерткіш болып саналатын «I-XIX ғасырлардағы Тараз» қалашығы археологиялық қазба жұмыстарының жай-күйімен танысты.

Қалашықты зерттеу жұмыстары биыл шағын қамал мен шахристан орнын қазуға жұмылдырылды. Зерттеу жұмысы жалпы алаңы 2550 шаршы метрді қамтыды.

Көне қалашық аумағына археологиялық жұмыстар жүргізу барысында көптеген жәдігерліктер табылды. Қазіргі кезде керамиканың тек өңделген фрагменттерінің саны 33 мың данадан астам, олардың 107-сі тұтас сақталған. Сондай-ақ, 33 монета, әйнектен жасалған 26 бұйым, сүйектен тұратын 5 жәдігерлік табылды - деп хабарлады 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 350 жылдығына арналып салынған Төле би Әлібекұлы ескерткішіне гүл шоғын қойды. Монументтің жалпы биіктігі – 10,5 метр.

Ескерткіш алдындағы алаңда Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарымен де әңгімелесті.


Тегтер:

елбасы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!