Бимендина мен Жамаловқа мәжіліс депутаттығының мандаты тапсырылды

Фотография - Бимендина мен Жамаловқа мәжіліс депутаттығының мандаты тапсырылды

 «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының  мандаттары Орал Мұхамеджанов пен Ерген Дошаевтың орнына Әсима Бимендина мен Бауыржан Жамаловқа тапсырылады

731 0

 «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен «Нұр Отан» партиясының тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының  мандаттары Орал Мұхамеджанов пен Ерген Дошаевтың орнына Әсима Бимендина мен Бауыржан Жамаловқа тапсырылады.

 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесі Бюросының сәйкесінше қаулысы бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

 

Әсима Бимендина 1977 жылы Омбы педагогикалық институтын тәмамдаған. 2006 жылдан бері Астана қаласының Білім беру басқармасында жұмыс істеген. Оған дейін астаналық әкімдіктің Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталған - деп хабарлады 

 

Бауыржан Жамалов 1993 жылы Ташкент қаласындағы Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институтын, 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасының мүшесі. 2009 жылдан бері – «Мырзакент-Холдинг» ЖШС бас директоры. 

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!