Қазақстанда тұңғыш рет эпилептологияны дамыту жөніндегі халықаралық конференция өтуде

Фотография - Қазақстанда тұңғыш рет эпилептологияны дамыту жөніндегі халықаралық конференция өтуде

Бүгін Алматыда «Қазіргі заманғы эпилептология: медициналық және әлеуметтік тұстары» деген тақырыпта халықаралық 3 күндік конференция басталды. Бұл шараны Қазақстанның эпилепсияға қарсы ұлттық лигасы мен неврологтар лигасы, С.Қайшыбаев атындағы неврология институты, Эпилепсияға қарсы халықаралық лига (ILAE), ILAE Еуропалық комиссиясы мен Нейрохирургтардың қазақ қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отыр

164 0

Бүгін Алматыда «Қазіргі заманғы эпилептология: медициналық және әлеуметтік тұстары» деген тақырыпта халықаралық 3 күндік конференция басталды. Бұл шараны Қазақстанның эпилепсияға қарсы ұлттық лигасы мен неврологтар лигасы, С.Қайшыбаев атындағы неврология институты, Эпилепсияға қарсы халықаралық лига (ILAE), ILAE Еуропалық комиссиясы мен Нейрохирургтардың қазақ қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып отыр - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Мақсат - эпилептологияны дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған кәсіби алаң құру. Онда эпилептология саласындағы невролог-дәрігерлердің біліктілігін халықаралық стандарттарға сәйкес үздіксіз арттыру, жалпы еуропалық үлгіге сай эпилептология қызметін дамыту, эпилепсияны емдеудің жаңашыл әдістерін дамыту сияқты көкейкесті мәселелер қарастырылады», - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Алтынай Елубаева. Оның айтуынша, қазір әлемде эпилепсиямен ауыратын 5 миллион адам тіркелген. Оның 22 мыңы бізде тіркелген. Жалпы соңғы жылдары олардың саны әлемнің көптеген елдерінде өсіп келеді. Бұл ең алдымен диагностикалау қызметінің жақсаруына байланысты болып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!