Алматы облысының 275 елді мекеніне сапалы ауыз су тартылады

Фотография - Алматы облысының 275 елді мекеніне сапалы ауыз су тартылады

Алматы облысының 275 елді мекеніне сапалы ауыз су тартылатын болады

173 0

Алматы облысының 275 елді мекеніне сапалы ауыз су тартылатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімі Аңсар Мұсаханов айтты.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 2011-2015 жылдар аралығында 56 млрд. теңгенің 35 нысанын салу және қайта жөндеу жұмыстары жоспарланған. Нәтижесінде беріліп отырған ауыз судың сапасы 275 елді мекенде жақсаратын болады. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 74 пайызға жетеді», - деп атап өтті өңір басшысы.

Оның айтуынша, үш жылда 26 млн. теңге бөлініп, 141 нысан пайдалануға берілген, сондай-ақ, 944 шақырым жүйе жөндеуден өткен. Қазіргі кезде елді мекендердің орталықтандырылған ауыз сумен қамтылуы 69 пайызға жетіп отыр - деп хабарлады  ҚазАқпарат

«Жалпы, «Ақ бұлақ» бағдарламасын ойдағыдай орындау тұрғындарды ауыз сумен қамтуды жеткілікті деңгейде және жоғары сапада жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті А. Мұсаханов.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!