Елбасымен бірге еңбек еткен ардагерлер жастармен кездесу өткізді

Фотография - Елбасымен бірге еңбек еткен ардагерлер жастармен кездесу өткізді

«Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында Елбасымен бірге ел игілігі жолында қызмет атқарған қоғам қайраткерлерімен жастардың кездесуі болып өтті

324 0

«Жас Отан» Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында Елбасымен бірге ел игілігі жолында қызмет атқарған қоғам қайраткерлерімен жастардың кездесуі болып өтті.

Негізгі мақсаты еліміздің еңсесін тіктетіп, Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының еңбек жолын жастар арасында насихаттап, елдегі болып жатқан әрбір игі бастамада елбасының қолтаңбасы мен ерен еңбегі жатқандығын ұғындыру.

1 желтоқсан – Қазақстан жылнамасындағы ұмытылмас тарихи күн. Осы күні, яғни 1991 жылы 1 желтоқсанда еліміздің сындарлы шағында тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өткенін көпшілік ұмыта қойған жоқ. Осы сайлауда Тәуелсіз Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Назарбаев өте жоғары дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында еліміздің қол жеткізген жетістіктері жан-жақты саралана келе, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні ретінде атап өту туралы ойда айтылған болатын. Осы бастаманы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары қолдап, «1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні» ретінде жаңа мемлекеттік мереке болып бекіп, халық арасында кеңінен ұлықталып келеді - деп хабарлады  baq.kz

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, ең алғаш Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабының атқарушы директоры қызметін атқарған, «Нұр Отан» партиясының ардагері Қуанышқали Шапшанов, ең алғаш Түркия мемлекетінде Қазақстанның елшісі болған, қазіргі күні облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Ержан Уәйіс, Елбасының Аралға жасаған алғашқы іс-сапарына қатысқан еңбек ері, Арал ауданының құрметті азаматы Тілес Бохаев қатысты. Қонақтар жастарға Елбасы бірге атқарған қызметтік күндерінен естеліктер айтып, жасұрпаққа салауатты сөздерін жеткізіп, жастарға ертеңгі елдің аманатын жеткізіп, баталарын берді. Сонымен қатар, жастар өз көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Кездесу соңында қонақтарға сыйлықтар табысталып, естелік суретке түсумен қорытындыланды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!