Бурабайда қысқы туризмді дамыту көзделуде

Фотография - Бурабайда қысқы туризмді дамыту көзделуде

Бүгін облыс әкімі Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен Бурабай ауданы, Щучъе қаласында Бурабай ауданының өткен 9 айда кешенді даму жоспары бойынша атқарылған жұмыстар барысын айқындайтын жиын өтті

256 0

Бүгін облыс әкімі Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен Бурабай ауданы, Щучъе қаласында Бурабай ауданының өткен 9 айда кешенді даму жоспары бойынша атқарылған жұмыстар барысын айқындайтын жиын өтті.

«Облыстың барлық басқарма басшысы қатысқан басқосуда 9 айда атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімі Нұрлан Нұркенов есеп берді. Жалпы жыл аяғына дейін ауданда барлық сала бойынша 189 көрсеткіш бойынша нақты жұмыстар атқарылуы тиіс еді. Бүгінгі күнге дейін межеленген жоспардың 160-ы орындалған, 29-ы жүзеге асырылу барысында. Орындалмай қалу қаупі бар көрсеткіш саны 46-ға жетіп отыр», - деп хабарлады  ҚазАпарат

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысын тыңдаған облыс әкімі Қосман Айтмұхаметов, «әсіресе, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарлама аясында сонымен қатар шағын және орта бизнес пен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жұмыстар кеңінен жүргізілмегенін айтып, осы бағытта еңбектену керек», - деп атап өтті. Сондай-ақ Щучъе-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары аясында биыл Бурабай ауданында құны 17,8 млрд теңгеге 89 іс-шара орындау көзделген. Оның ішінде әсіресе, курорттық аймақтың инфрақұрылымын дамытып, жылу, су құбырларын қалпына келтіру көзделген. Аймақ басшысы, жиын қортындысында, туристік әлеуетті көтеретін жобалар санын арттырып, Бурабайда қысқы туризмді дамытуды, бұқаралық спорт аясын кеңейтуді жүктеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!