Мемлекеттік тілді меңгеру тұлғаның өзін-өзі патриоттыққа тәрбиелеуінің бір түрі - М. Тәжин

Фотография - Мемлекеттік тілді меңгеру тұлғаның өзін-өзі патриоттыққа тәрбиелеуінің бір түрі - М. Тәжин

Мемлекеттік тілді меңгеру тұлғаның өзін-өзі патриоттыққа тәрбиелеуінің бір түрі

199 0

Мемлекеттік тілді меңгеру тұлғаның өзін-өзі патриоттыққа тәрбиелеуінің бір түрі. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлімдеді.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейтуде белсенді жұмысын жалғастыруы қажет. Мемлекеттік тіл - халықтарды жұмылдыратын фактор», - дей келе Марат Тәжин этномәдени орталықтар басшыларының назарын мәдени-лингвистикалық ортаны нығайтудың қажеттігіне аударды.

«Әрине ең алдымен орталықтар басшыларының өздері тарапынан тілді білуі, сол бойынша әрекеттері, өздерінің этникалық топтары арасында мемлекеттік тілдің нақты сұранысын ашып көрсетуі маңызды болып табылады. Жалпы, қазақ тілін меңгеру тұлғаның өзін-өзі патриоттыққа тәрбиелеудің бір түрі», - деді Мемелкеттік хатшы.

Сонымен қатар, М. Тәжин қазақ тілін жедел меңгеруге арналған «Тіл-дарын» тілдерді оқытудың инновациялық орталығында жаңа әдістеме жасалынғанын, оның негізінде «Қазақ тілі» оқыту-әдістемелік кешені құрылғанын айтты - деп хабарлады ҚазАқпарат

«Әдістеме жоқ, оқулық жоқ деген сылтаулар болмауы керек. Биыл жазда ғана осы әдістемелер жасалды, оны сарапшылар да қарап шықты. Меңгерем дегенге бұл керемет базалық оқулық», - деді Мемлекеттік хатшы.

Сонымен қатар, М. Тәжин мемлекеттік тілді игеруде өзгелерге үлгі болып, биік межеге жете бастаған немістер этномәдени орталығының, кәрістер қауымдастығының, түріктер қоғамдастығының басшыларына алғысын жеткізіп, осындай игі жұмыстарына жеміс тіледі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!