Бүгін Мұстафа Өзтүріктің туғанына 59 жыл толды

Фотография - Бүгін Мұстафа Өзтүріктің туғанына 59 жыл толды

Бүгін ҚР Таеквондо (WTF) федерациясының негізін салушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман көзі тірі болғанда 59 жасқа толар еді. Мұстафа Өзтүрік деген атпен әлемге әйгілі болған спорт саңлағы 1954 жылы Түркияның Қайсері қаласындағы Мұсаходжалы ауылында дүниеге келіп, 40 жасында 1995 жылы 15 наурызда Алматыда көз жұмған болатын

158 0

Бүгін ҚР Таеквондо (WTF) федерациясының негізін салушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман көзі тірі болғанда 59 жасқа толар еді. Мұстафа Өзтүрік деген атпен әлемге әйгілі болған спорт саңлағы 1954 жылы Түркияның Қайсері қаласындағы Мұсаходжалы ауылында дүниеге келіп, 40 жасында 1995 жылы 15 наурызда Алматыда көз жұмған болатын.

«Мұстафа Өзтүрік ұлтын қатты мадақтаған адам еді. Жүрген жерінде өзінің «Қазақтығын!» мақтанышпен айтып жүретін. Мұстафа бауырымыздың өнегелі істері тәрбие ісінде үлгі тұтуға таптырмайтын образ. Біз оны әлі күнге дейін тек спортшы деп қана танып келе жатырмыз», - дейді Мұстафаның шәкірті Атырауда таэквонда спортының дамуына зор үлесін қосқан, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қабибек Мұхитов.

Қазіргі таңда Халел Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы болып қызмет ететін тарих ғылымдары кандидатының айтуынша, Мұстафа Өзтүрік жастық шағында өлең де жазған екен. Кейін киноға түсіп, 6 кинода ойнаған. Өкінішке орай, оның бұл қырлары зерттеушілер тарапынан әлі ашылмай жатыр. Келесі жылы оның туғанына 60 жыл толады екен. Бұл шараны лайықты деңгейде атап өту арқылы, асыл азаматтың өнегелі ісін жас ұрпаққа үлгі тұтуға құзырлы органдар көңіл бөлсе нұр үстіне нұр болар еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!